"ЛОТТЕ Рахат" АҚ 2021 жылға KZ000A1CTMZ4 (RAHT) жай акциялар бойынша дивидендтер төледі

10.08.22 11:52
/KASE, 10.08.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ЛОТТЕ Рахат" АҚ (Алматы), 2022 жылдың 26 шілдесінде жалғыз акционерге 2021 жылға бір акцияға 558,00 теңгеден жалпы сомасы 1 945 429 056,00 теңге KZ000A1CTMZ4 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RAHT) жай акциялар бойынша дивидендтер төленгені туралы KASE-ге хабарлады. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/RAHT/raht_dividends_090822_1945.pdf [2022-08-10]