"Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00008621 (CCBNb34) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

03.08.22 14:42
/KASE, 03.08.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2022 жылғы 03 тамызындағы шешімімен "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00008621 (1 000 теңге, 19,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, алғашқы ауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің негізгі алаңның "стандарт" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2015 жылдың 09 маусымындағы бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес "Банк ЦентрКредит" АҚ облигациялық бағдарламаларының шығарылымы аясында 250,0 млрд теңгеге тіркелген алтыншы болып табылады. Аталған акциялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) CCBNb34 берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2022-08-03]