03 тамыздан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00008662 (FIVEb3) облигациялары KASE ресми тізіміне балама алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

03.08.22 11:03
/KASE, 03.08.22/– Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 01 тамызында "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы) KZ2C00008662 (FIVEb3; 100 теңге, 100,0 млн теңге; 12 ай; тоқсандық купон, жылдық 15,00 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады: Листингілік комиссиясының осы шешімі 2022 жылдың 03 тамызынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/FIVE/ [2022-08-03]