02 тамыздан бастап "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008639 (LZGRb3) и KZ2C00008647 (LZGRb4) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізілді

01.08.22 17:24
/KASE, 01.08.22/– Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2022 жылдың 28 шілдесінде ""Лизинг Групп" АҚ (Алматы) келесі облигацияларын KASE ресми тізіміне негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу туралы шешім қабылдады: KZ2C00008639 (LZGRb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 ай; купон айналым мерзімінің соңында жылына бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360); KZ2C00008647 (LZGRb4; $1 000, $2,4 млн; 3 ай; купон айналым мерзімінің соңында жылына бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360). Листингілік комиссиясының осы шешімі 2022 жылдың 01 тамызынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады – https://kase.kz/ru/issuers/LZGR/ [2022-08-01]