KASE Басқармасы "Лизинг Групп" АҚ KZ2C00008639 (LZGRb3) және KZ2C00008647 (LZGRb4) облигацияларын KASE ресми тізімінің "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берді

28.07.22 17:25
/KASE, 28.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 28 шілдесіндегі шешімімен "Лизинг Групп" АҚ (Алматы) келесі облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңының "коммерциялық облигациялар" санатына енгізуге келісім берілді: - KZ2C00008639 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 ай; купон айналыс мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360); - KZ2C00008647 ($1 000, $2,4 млн; 3 ай; купон айналыс мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша өткізілген алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындысы бойынша анықталады; 30/360. KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигацияларға LZGRb3 және LZGRb4 қысқартылған белгілері (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында жарияланатын болады. [2022-07-28]