"ҚазТрансОйл" АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызметінің нәтижелері туралы хабарлайды

27.07.22 18:15
/KASE, 27.07.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 27 шілдесіндегі баспасөз мәлімдемесін Қазақстан қор биржасына ұсынды: ... "ҚазТрансОйл" АҚ 2022 жылдың І жарты жылдығының өндірістік қорытындысын шығарды. Есепті кезеңде магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша жеке "ҚазТрансОйл" АҚ 19 млн 959 мың тонна мұнай тасымалдады, бұл 2021 жылдың І жартыжылдығына қарағанда 469 мың тоннаға аз. "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылғы ұқсас кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 929 мың тоннаға ұлғайды және 9 млн 30 мың тоннаны құрады. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2 млн 709 мың тонна мұнай, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС – 3 млн 44 мың тонна мұнай, "Павлодар мұнай – химия зауыты" ЖШС – 2 млн 845 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM "БК" ЖШС-432 мың тонна мұнай жеткізді. ... - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_270722_kz.pdf – қазақ тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_relizs_270722.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_270722_en.pdf – ағылшын тілінде. [2022-07-27]