Ресей Федерациясы Қаржы Министрлігінің RU000A100QS2 (RU_04_2207) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

27.07.22 09:17
/KASE, 27.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 27 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының Қаржы Министрлігінің RU000A100QS2 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_04_2207; 100,0 млрд рубль; 21.08.19 – 27.07.22; жылжымалы жартыжылдық купон, соңғы купондық кезеңге жылдық 6,28 %; actual/365) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2021 жылдың 05 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттықтары ашылған жоқ. [2022-07-27]