/KASE, 27.07.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы
(KASE немесе биржа) KASE сауда-саттық жүйесінде "Sinoasia B&R
(Синоазия БиЭндАр)" сақтандыру компаниясы" АҚ KZ1P00014559 (KASE
негізгі алаңы, "стандарт" санаты, SABRp) артықшылықты акцияларына
оларға Жазылым арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген облигацияларға Жазылым жүргізген кезде сатушы ретінде
"Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы - "BCC Invest" АҚ (Алматы)
(бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді.
Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 55 000 дана.
Баға ретінде өтінімде акцияның бағасы теңгемен екінші ондық белгіге дейінгі
дәлдікпен көрсетіледі.
Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 27 шілдесінде
Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 10:30-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым
аясында шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданады.
Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға ұсыну күні – 2022 жылдың
27 шілдесі; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсыну күні-
2022 жылдың 27 шілдесі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні –
2022 жылдың 27 шілдесі. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың
орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады.
Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек KASE "қор"санатындағы
мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі
http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған.
Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды
сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы
ұсынылады.
Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі
бойынша жарияланған.
Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/shares/show/SABRp/ жарияланған.
[2022-07-25]