"АК Алтыналмас" АҚ акционерлері 2021 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

26.07.22 11:27
/KASE, 19.07.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы) өз акционерлерінің 2022 жылдың 11 шілдесінде өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2021 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есебін бекіту; - 2021 жылдың қорытындысы бойынша 89 366 727 мың теңге көлеміндегі компанияның таза табысы өндірісті дамытуға жұмсау, жай акциялар бойынша дивиденд төлемеу және компанияның таза табысын компанияның иелігінде қалдыру. Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы күн тәртібіндегі он мәселе бойынша шешім қабылданды. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_special_shareholders_meeting_results_110722_996.pdf [2022-07-26]