Ресей Федерациясының Қаржы Министрлігі RU000A0JSMA2 (RU_03_2207) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.07.22 12:28
/KASE, 20.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 20 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының Қаржы Министрлігі RU000A0JSMA2 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_03_2207; 403,9 млрд рубль; 3 640 күн, өтеу күні – 20.07.22; жартыжылдық купон, жылдық 7,60 %; actual/365) халықаралық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2020 жылдың 05 наурызынан бастап KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттықтары ашылмады. [2022-07-20]