Ресей Федерациясының Қаржы Министрлігі RU000A0JSMA2 (RU_03_2207) халықаралық облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
20.07.22 12:28
/KASE, 20.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың
20 шілдесінен бастап Ресей Федерациясының Қаржы Министрлігі
RU000A0JSMA2 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, RU_03_2207;
403,9 млрд рубль; 3 640 күн, өтеу күні – 20.07.22; жартыжылдық купон,
жылдық 7,60 %; actual/365) халықаралық облигациялары айналым мерзімі
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы
хабарлайды.
Аталған облигациялар 2020 жылдың 05 наурызынан бастап KASE ресми
тізімінің "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттықтары
ашылмады.
[2022-07-20]