"Қазына Капитал Менеджмент" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

22.07.22 16:06
/KASE, 22.07.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 55 000 000 дана; - компанияның 53 550 003 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2022-07-22]