22 шілдеден бастап Италия Республикасының US465410CA47 (IT_01_2602) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

22.07.22 10:01
/KASE, 22.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 22 шілдесінен бастап Италия Республикасының US465410CA47 ($3,0 млрд, 24.11.20 – 17.02.26; жартыжылдық купон, жылдық 1,25 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді. Аталмыш облигациялардың іске қосу бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ (Алматы). Аталған облигацияларға IT_01_2602 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/gsecs/show/IT_01_2602/ сілтемесі бойынша жарияланады. [2022-07-22]