/KASE, 22.07.22/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасы
(KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан темір жолы" Ұлттық
компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008654 (KASE негізгі алаңы,
"коммерциялық облигациялар" санаты, TMJLb10) облигацияларын
орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ.
уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы
хабарлайды.
-----------------------------------------------------------------------------
Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар
ISIN: KZ2C00008654
KASE сауда-саттық коды: TMJLb10
Номиналдық құны, теңге: 1 000,00
Шығарылым көлемі, млн теңге:
– тіркелген: 150 000 000 000
– орналастырылған: –
Айналыстың басталу күні: облигацияларды орналастыру
бойынша бірінші өткізілген
сауда-саттықты өткізу күні
Айналыстың соңғы күні кейірінек анықталады
Өтеудің алғашқы күні кейірінек анықталады
Айналыста болу мерзімі: 2 жыл
Купон мөлшерлемесі құбылмалы (TONIA Compounded
+ 3% дейінгі маржа), тіркелген
маржа облигацияларды
орналастыру бойынша
өткізілген алғашқы сауда-
саттықты өткізу қорытындылары
бойынша айқындалатын болады
Купонды төлеу мерзімділігі жылына ек рет
Купонды төлеуді бастау күні кейінірек анықталады
Уақыттық базасы: actual / 365
---------------------------------------------- ------------------------------
Сауда-саттық күні: 22.07.22
Жарияланған орналастыру көлемі 150 000 000 000
Лот көлемі, дана 1
Сауда-саттық заты: тұрақты маржа мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді және нарықтық
Өтінім беру тәсілі: жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–13:00
Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–13:30
Кесім уақыты: 15:30 (Т+0)
Төлем уақыты: 22.07.22, 15:30
Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу
бағасына тең немесе
төмен өтінімдер
кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімді баға бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қайшылама өтінімдерді
өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты
бойынша
-----------------------------------------------------------------------------
Орналастырудың бірлескен андеррайтерлері: "SkyBridge Invest" АҚ, "Halyk
Finance "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы" АҚ, "BCC Invest" АҚ-
"Банк ЦентрКредит" АҚ - тың еншілес ұйымы, "Фридом Финанс" АҚ және
"First Heartland Jusan Invest"АҚ болып табылады.
Өтінімде баға ретінде екінші ондық белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетілген
жылдық пайызбен тіркелген маржа ставкасының мәні көрсетілуге тиіс.
Маржа мөлшерлемесінің ең жоғарғы мәні қоса алғанда 3% - дан аспауы тиіс.
Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен
көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның
"таза" бағасы көрсетілуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны
данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне
тең немесе еселенген болуы тиіс.
Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және
бір облигацияның номиналды құнының көбейтіндісі көрсетілуге тиіс.
Мәміленің көлемі
https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf
сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және
облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің
4 тарауына сәйкес есептеледі.
Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз
ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар
депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз
етуі тиіс.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/kz/membership
сілтемесі бойынша жарияланған.
Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы
қағида
https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kz.pdf сілтемесі
бойынша танысуға болады.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат
http://kase.kz/ru/bonds/show/TMJLb10/ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2022-07-22]