"Kaspi Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

21.07.22 12:41
/KASE, 21.07.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана; - банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - банк өзінің 1 154 460 жай акциясын және 127 516 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "KASPI GROUP" АҚ болып табылады, оның меншігінде 17 668 952 (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 88,34 %) соның ішінде банктің 17 347 729 жай акциясы (банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 94,56 %) және 321 223 артықшылықты акциясы (банктің орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 64,24 %) бар. [2022-07-21]