"Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

20.07.22 11:39
/KASE, 20.07.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Freedom Finance Life" Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 800 000 дана; - компанияның 2 641 691 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Фридом Финанс" АҚ болып табылады. [2022-07-20]