"Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.07.22 16:54
/KASE, 18.07.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Жайрем кен-байыту комбинаты" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 6 783 460 дана, артықшылықты акциялар саны – 11 100 дана; - компанияның 6 588 624 жай акциялары және 9 689 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "КАЗЦИНК" ЖШС болып табылады, оның меншігінде 6 592 226 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,91 %) соның ішінде компанияның 6 588 624 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 100,00 %) және 3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар. [2022-07-18]