"Ақтөбе-Темір-ВС" АҚ акционерлері 2021 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

18.07.22 15:37
/KASE, 18.07.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Ақтөбе-Темір-ВС" АҚ (Ақтөбе обл) өз акционерлерінің 2022 жылдың 15 шілдесәнде өткен жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2021 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есебін бекіту; - 2021 жылдың қорытындысы бойынша компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекітпеу және 2021 жылғы таза табыстың болмауына байланысты компанияның бір жай акциясына шаққандағы 2021 жылғы дивиденд мөлшерін белгілемеу. Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы күн тәртібіндегі төрт мәселе бойынша шешім қабылданды. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ATVS/atvs_special_shareholders_meeting_results_150722_49.pdf [2022-07-18]