"ForteBank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
18.07.22 12:57
/KASE, 18.07.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін
ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған жай акцияларының жалпы саны 150 003 000 000 дана;
- банктің 92 387 104 089 жай акциялары орналастырылған;
- банк өзінің 1 934 376 697 акциялары кері сатып алды;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға Б.Ж.Өтемұратов болып табылады, оның меншігінде
80 794 031 785 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
89,32 % немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 87,45 %) бар.
[2022-07-18]