"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.07.22 11:58
/KASE, 18.07.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2022 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 407 059 079 дана; - компанияның 259 589 065 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2022-07-18]