Таскаранов Н.Г. "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Басқармасының Төрағасы болып сайланды

12.07.22 12:14
/KASE, 12.07.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 07 шілдесіндегі шешімімен Банк Басқармасының құрамына келесі сайланғаны туралы хабарлады: - Таскаранов Н.Г.-М. – Басқарма Төрағасы; - Гулаев М.М. – Басқарма Төрағасының орынбасары; - Овсянникова А.С. – Басқарма Төрағасының орынбасары; - Савченко В.А. – Басқарма Төрағасының орынбасары. "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Басқармасының құрамына енгізілген өзгертулерді ескере отырып, құрамы алты адамнан тұрады: Таскаранов Н.Г.-М., Аракелян Г.Г. (2022 жылдың 12 шілдесінен өкілеттігін тоқтату), Гулаев М.М., Овсянникова А.С., Савченко В.А., Титов А.В. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_board_changes_070722_7671.pdf [2022-07-12]