"Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ өзінің KZ2C00007466 (KFUSb13) облигацияларының өтелуі туралы хабарлады

07.07.22 15:53
/KASE, 07.07.22/ – "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2022 жылдың 05 шілдесінде өзінің US34955XAA90, KZ2C00007466 (KFUSb13) облигацияларының өтелуі туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 10 976 388 888,89 теңге, оның ішінде негізгі борышты (облигациялардың жиынтық номиналды құнын) – 10 000 000 000,00 теңге, купондық сыйақыны – 976 388 888,89 теңгені құрады. [2022-07-07]