"ForteBank" АҚ өзінің US34955XAA90, USY2497PAD51 (TEBNe1) халықаралық облигацияларының өтелуі туралы хабарлады

05.07.22 18:26
/KASE, 05.07.22/ – "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2022 жылдың 30 маусымында өзінің US34955XAA90, USY2497PAD51 (TEBNe1) халықаралық облигацияларының өтелуі туралы хабарлады, өтеу шеңберінде көрсетілген облигациялар бойынша соңғы 24-ші купондық сыйақы төленді. Аталған хабарламаға сәйкес аталған облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 38 391 539,77 АҚШ долларын, оның ішінде негізгі борышты (облигациялардың жиынтық номиналды құнын) – 35 879 943,71 АҚШ долларын, 24-ші купондық сыйақыны – 2 511 596,06 АҚШ долларын құрады. [2022-07-05]