"Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007466 (KFUSb13) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

05.07.22 10:24
/KASE, 05.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 05 шілдесінен бастап "Қазақстан орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00007466 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" секторы, KFUSb13; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 25.06.21 – 05.07.22; купон айналым мерзімі соңында бір рет төленеді, жылдық 9,50 %; 30/360) дисконттық облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталған облигациялар 2021 жылдың 02 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "облигациялар" санатына енгізілді. Олардың сауда-саттықтары 2021 жылдың 01 шілдесінен бастап ашылған. [2022-07-05]