/ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ/ 07 шілдеде Қазақстан қор биржасында Еуропалық қайта ұұру және даму банкінің XS2497626957 халықаралық облигацияларына Жазылым жүргізіледі

04.07.22 11:53
/KASE, 04.07.22, облигациялардың айналым мерзімі туралы ақпарат енгізілді/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2022 жылдың 07 шілдесінде KASE сауда-саттық жүйесінде Еуропалық қайта құру және даму банкінің XS2497626957 халықаралық облигацияларын оларға Жазылым арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетінін хабарлайды. Көрсетілген облигацияларға Жазылым жүргізген кезде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) (бұдан әрі – Сатушы) әрекет етеді. Орналастырылатын облигациялардың номиналды көлемі – 47 000 000 000 теңге. Орналастыруға жоспарланған облигациялардың жиынтық номиналды көлемі алдын ала белгіленген және көрсетілген жазылым бастамашысының хабарламасы бойынша өзгертілуге жатады. Сатушы ұсынған ақпаратқа сәйкес аталмыш облигациялардың айналым мерзімі үш жылды құрайды. Көрсетілген халықаралық облигацияларға Жазылымдың купон мөлшерлемесінің құрамдас бөлігі болып табылатын тіркелген маржаны анықтау мақсатында жүргізіледі. Тіркелген маржаның мөлшері үтірден кейін екі белгіге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде номиналды көлемі теңгемен көрсетілуі тиіс. Лот 1 теңгеге тең. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 07 шілдесінде Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 09:30-дан 12:00-ге дейін жүргізіледі. Жазылым аясында шектелімді және нарықтық өтінімдер қабылданады. Биржа қабылдаған өтінімдер тізілімін сатушыға ұсыну күні – 2022 жылдың 07 шілдесі; сатушының қанағаттандырылған өтінімдер тізілімін ұсыну күні- 2022 жылдың 07 шілдесі; есеп айырысуды жүзеге асыру күні – 2022 жылдың 11 шілдесі. Есеп айырысуларды "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Жазылымға қатысу үшін өтінімдер биржаға тек KASE "қор"санатындағы мүшелері арқылы беріледі. KASE мүшелерінің толық тізімі http://kase.kz/ru/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес көрсетілген облигацияларды сатушыға ашылатын инвестор туралы қосымша ақпарат ретінде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы ұсынылады. Жаңа редакциядағы Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережелері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-07-04]