05 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Mastercard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

01.07.22 16:57
/KASE, 01.07.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 05 шілдесінен бастап Mastercard, Inc. (АҚШ) Us57636q1040 ("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттықтары тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 04 шілдесінен бастап KASE-де көрсетілген акциялардың сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 08 шілдесіне және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, KASE 2022 жылдың 08 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеуді жүзеге асыратыны туралы ақпараттың болуына байланысты сауда-саттық тоқтатыла тұрады. [2022-07-01]