KASE Басқармасы Еуропа қайта құру және даму банкінің шығаруға жоспарланған XS2497626957 халықаралық облигацияларын KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізуге келісім берді
30.06.22 16:45
/KASE, 30.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының
2022 жылдың 30 маусымындағы шешімімен Еуропалық Қайта Құру және
даму банкінің облигациялық бағдарлама шегінде шығарылатын, шығаруға
жоспарланған XS2497626957 халықаралық облигацияларын KASE ресми
тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына
енгізуге келісім берілді.
Аталған облигацияларды жіберу бастамашысы "Tengri Partners Investment
Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) болып табылады.
KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялар шығарылымы туралы толық ақпарат KASE
Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-сайтында
жарияланатын болады.
[2022-06-30]