"ForteBank" АҚ USY2497PAD51 (TEBNe1), USY34955XAA90 халықаралық облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.06.22 09:51
/KASE, 30.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 30 маусымынан бастап "ForteBank" АҚ (Нұр-Сұлтан) US34955XAA90, USY2497PAD51 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TEBNe1; $60 750,0 мың; 30.06.10 – 30.06.22, жартыжылдық купон, жылдық 14,00%; 30/360) халықаралық облигацияларының айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды. Аталған облигациялар 2010 жылдың 27 желтоқсанынан бастап "рейтингтік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына жатады. Олардың сауда-саттығы 2011 жылдың 25 наурызынан бастап ашылған. [2022-06-30]