01 шілдеден бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында Meta Platforms, Inc. сәйкестендіру коды өзгертіледі.

29.06.22 17:54
/KASE, 29.06.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 01 шілдесінден бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және деректер базасында Meta Platforms, Inc. эмитентінің сәйкестендіру кодын FB_KZ-тен META_KZ-ке өзгерту туралы шешім қабылдады. "Қазақстан қор биржасы "АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулық" атты KASE ішкі құжатының 5 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жай акциялардың коды ретінде тікелей олардың эмитентінің коды пайдаланылады. [2022-06-29]