01 шілдеден бастап KASE сауда-саттық жүйесі мен деректер базасында Meta Platforms, Inc. сәйкестендіру коды өзгертіледі.
29.06.22 17:54
/KASE, 29.06.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2022 жылдың 01 шілдесінден бастап KASE сауда-саттық жүйесінде және
деректер базасында Meta Platforms, Inc. эмитентінің сәйкестендіру кодын
FB_KZ-тен META_KZ-ке өзгерту туралы шешім қабылдады.
"Қазақстан қор биржасы "АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда
жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы
құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулық" атты KASE ішкі
құжатының 5 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес жай акциялардың
коды ретінде тікелей олардың эмитентінің коды пайдаланылады.
[2022-06-29]