29 маусымда KASE-де есептесуі 01 шілдедеболатын МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын (KZKD00000378, MUM144_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

29.06.22 16:41
/KASE, 29.06.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесулері 01 шілдеде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын (KZKD00000378, MUM144_0003) орналастыру бойынша мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 93,2842 % (кірістілігі – жылдық 14,50%) кесімді бағасы бойынша жалпы 32 000 000 000 теңге сомаға өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша сұраным ұсынымнан 4,0 есе асып, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 30 157 166 222,2 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 01 шілдеде болатын МЕУКАМ-144 үшінші шығарылымын (KZKD00000378, MUM144_0003) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/kz/news/show/1484542/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-06-29]