29 маусымнан бастап KASE-де "ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008584 (MFOKb4) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

28.06.22 15:39
/KASE, 28.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 29 маусымынан бастап "ОнлайнКазФинанс Микроқаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00008584 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFOKb4; $100, $15,0 млн; 17.06.22-17.06.23; тоқсан сайынғы купон, жылдық 10,00%; 30/360) облигацияларымен KASE сауда- саттықтары ашылатыны туралы хабарлайды. KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/bonds/show/MFOKb4/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2022-06-28]