24 маусымнан бастап Бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізу ережелеріне енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

24.06.22 16:43
/KASE, 24.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылдың 23 маусымындағы шешімімен "Бөлшек инвесторлар арасында конкурс өткізу ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына № 3 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, түзетулер 2022 жылдың 24 маусымыннан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулер конкурсқа қатысушылар портфелінің кірістілігін есептеуді оңтайландыру және бөлшек инвесторлар арасындағы конкурсқа қатысуға жіберілген құралдар санын арттыру мақсатында енгізілді. Түзетулерде мыналар қарастырылған: - конкурсқа қатысуға жеке тұлғалар – 18 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі; - KASE Индексінің өкілдік тізіміндегі акциялардан басқа, конкурс өткізілетін акциялар тізімі "KASE Global" секторының акцияларымен толықтырылды; - сонымен қатар, конкурсқа қатысу өтінімді KASE сайтында тіркеген күннен басталады; - конкурсқа қатысушының нәтижелілігін есептеу формуласы оңтайландырылды; - редакциялық өзгерістер мен нақтылаулар енгізілді. Ережелердің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/mix/pravila_konkurs.pdf сілтемесі бойынша жарияланады. [2022-06-24]