"Еуразиялық банк" АҚ жалғыз акционері 2021 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

24.06.22 11:12
/KASE, 24.06.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы) өзінің жалғыз акционерінің 2022 жылдың 22 маусымындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционер, соның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - "КПМГ Аудит" ЖШС растаған 2021 жылға қаржылық есеп берушілік (шоғырландырылған және шоғырландырылмаған) бекітілсін; - Банктің 2021 жылға таза табысын бөлудің келесі тәртібі бекітілсін: - 12 732 416 000 теңге өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасына бағыттап, Банктің билігінде қалдырылсын; - Банктің 2021 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат жарияланды – https://kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_decision_sole_220622_6660.pdf [2022-06-24]