"Сейф-Ломбард" ЖШС 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есеп жарияланды

15.06.22 15:34
/KASE, 15.06.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде орналасқан "СЕЙФ-ЛОМБАРД" ЖШС (Алматы) Компанияның 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігі бойынша аудиторлық есепті KASE-ге ұсынды. 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың АҚШ долларымен): --------------------------------------------- 31.12.21 31.12.20 Көрсеткіш ж.б. ж.б. ----------------------- ---------- ---------- Меншікті капитал 12 435 355 6 162 880 Жиынтық активтер 14 481 843 10 848 016 Жиынтық міндеттемелер 2 046 488 4 685 136 Таза пайда (таза шығын) 1 998 852 2 146 357 ROA, % 13,80 19,79 ROE, % 16,07 34,83 --------------------------------------------- Компанияның 2021 жылға қаржылық есеп берушілігіне аудитін "КПМГ Аудит" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Сейф-Ломбард" ЖШС және оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ХҚЕС-ке сәйкес көрсетілген күнге аяқталған жыл үшін ақша қаражатының шоғырландырылған қозғалысын барлық елеулі аспектілерде дұрыс көрсетеді. Есеп KASE интернет-сайтында – https://kase.kz/files/emitters/MFSL/mfslf6_2021_cons_rus.pdf [2022-06-15]