14 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" шағын қаржы ұйымы" АҚ KZ2P00008568 (MFRFb3) облигацияларымен сауда-саттықтары ашылады

13.06.22 17:10
/KASE, 13.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 14 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасында "R-Finance" шағын қаржы ұйымы" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2P00008568 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, MFRFb3; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 09.06.22 – 09.06.25; жартыжылдық купон, жылдық 25,50 %; 30/360) облигацияларының сауда-саттықтар ашылатыны туралы хабарлайды: KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген акциялардың баға белгілеу дәлдігі қазақстандық теңгемен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген. Баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге. Аталған акцияларды шығару туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/ru/bonds/show/MFRFb3/ [2022-06-13]