14 шілдеде "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ сырттай дауыс беру арқылы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

10.06.22 12:35
/KASE, 10.06.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен) 2022 жылдың 14 шілдесінде өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы Биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: - 2021 жылғы Компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; - 2021 жылғы Компанияның таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы; - 2021 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер туралы; - 2022 жылға Компанияның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау;; - акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы; - компанияның директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және өкілеттік мерзімін анықтау туралы; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселелерді қарау. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_special_shareholders_meeting_info__1597.PDF [2022-06-10]