09 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталады

08.06.22 16:09
/KASE, 08.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 09 мусымынан бастап Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық қайта басталатынын хабарлайды. Көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы 2022 жылдың 01 маусымынан бастап көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімнің бекітілуіне байланысты тоқтатылды. Бұған дейін осы тақырып бойынша 2022 жылдың 30 мамырында KASE жаңалығы жарияланған болатын "01 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасында Bank of America Corporation US0605051046 (BAC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады."– https://kase.kz/ru/news/show/1482681/ [2022-06-08]