"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ 2022 жылдың бірінші тоқсанына қаржылық нәтижелері туралы хабарлады

07.06.22 19:13
/KASE, 07.06.22/– Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан) Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі туралы хабарлады: цитата басы Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 7 маусым – Қазақстанның тігінен интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі- «ҚМГ», «Компания») 2022 жылғы 31 наурызда аяқталған үш айдың «Аралық қаржылық есептілік» 34-ші халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері жөніндегі есебі бар аралық қысқартылған шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды. 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы негізгі қаржы көрсеткіштері ● 2022 жылдың бірінші тоқсанындағы түсім 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы 1 192 млрд. теңгемен (2 840 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 64,1 %-ға артып, 1 957 млрд теңгені (4 279 млн АҚШ долл.) құрады. ● EBITDA көрсеткіші 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы 318 млрд. теңгемен (758 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 39,5 %-ға артып, 444 млрд. теңгені (971 млн АҚШ долл.) құрады; ● Компанияның есепті кезеңдегі таза пайдасы 0,5 %-ға ұлғайып, 287 млрд. теңгені (628 млн АҚШ долл.) құрады. Кезең ішінде бас компанияның акционерлеріне тиесілі таза пайда 312 млрд теңгені (682 млн АҚШ долл.) құрады. ● Еркін ақша ағыны 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы 35 млрд. теңгемен (83 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда -40 млрд теңгені (-88 млн АҚШ долл.) құрады. ● 2022 жылғы 31 наурыздағы жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд. теңге (8 676 млн. АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,5%-ға көбейіп, 3 878 млрд теңгені (8 317 млн АҚШ долл.) құрады. ● 2022 жылғы 31 наурыздағы компанияның таза қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 2 204 млрд. теңге (5 104 млн. АҚШ долл.) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 189 млрд теңгені (4 694 млн АҚШ долл.) құрады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында: https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_relizs_070622_kz.pdf [2022-06-07]