Банк ВТБ (ПАО) Банк ВТБ (Қазақстан)АҚ еншілес ұйымын капиталдандыруға ниетті

06.06.22 09:40
/KASE, 06.06.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) келесі туралы хабарлады: ... Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ жалғыз акционері – ВТБ Банкі (ПАО) – Қазақстандағы еншілес банкін капиталдандыруға ниетті. Рәсім барлық заңды талаптар орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Алынған қаражатты банк өз капиталын ұлғайтуға жұмсайды, бұл олардың қажетті нормативтерді орындауына және елдегі өз қызметін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады. "Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады және елде 13 жылдан астам жұмыс істейді. Акционер банкке сенім білдіреді және толық қолдау көрсетеді. Біз Қазақстанда ВТБ дамуының жаңа жолын анық көріп отырмыз және бизнес-модельді трансформациялаумен айналысып жатырмыз. Капиталды ұлғайту банкке тұрақтылықты арттыруға және акционермен бірлесіп айқындалған міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло. ... Аталмыш ақпарат орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_relizs_020622.pdf [2022-06-06]