/KASE, 02.06.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России Еншілес Банкі" АҚ (Алматы),
Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2022 жылдың 30
мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.
Жалғыз акционері келесі шешімдерді қабылдады:
- Банктің 2021 жылғы қаржылық есебін тәуелсіз аудитордың есебімен
бекіту;
- Банктің 2021 жылғы таза табысын 130 131 000 000 теңге мөлшерінде
бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін: төлеуге жататын дивидендтер
сомасын шегергендегі таза кіріс "өткен жылдардың бөлінбеген таза
кірісі (жабылмаған шығыны)"шотында қалдырылсын.;
- дивиденд төлеудің келесі тәртібі бекітілсін:
- бір жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері – 10 125,31 теңге
(салықтарды қоса алғанда).
Аталмыш ақпарат –
https://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_special_shareholders_meeting_results_300522_6067.pdf
[2022-06-02]