"ForteBank" АҚ KZ2C00000057 (TEBNb8) облигациялары мерзімінен бұрын өтеуге байланысты KASE ресми тізімінен шығарылады

01.06.22 10:15
/KASE, 01.06.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2022 жылдың 01 маусымынан бастап "ForteBank" АҚ KZ2C00000057 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, TEBNb8; 0,01 теңге, 3,5 млрд теңге; 01.06.06 – 01.06.22; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360облигациялары KASE ресми тізімінен шығарылды. Аталған облигациялар 2006 жылдың 31 мамырынан бастап KASE ресми тізіміне "A" санатына енгізілді, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатына жатқызылды. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 01 маусымынан бастап ашылды. [2022-06-01]