"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ жалғыз акционері компанияның жарияланған 20,0 млн жай акцияларын арттырғаны туралы шешім қабылдады

25.05.22 11:34
/KASE, 25.05.22/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған ""Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2022 жылдың 12 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады. Жалғыз акционер, төмендегі шешімдерді қабылдады: - 20,0 млн жай акция шығару арқылы Компанияның жарияланған акцияларының санын арттыру; - жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін жалпы сомасы 20,0 млрд теңгеге бір акция үшін 1 000 теңге орналастыру бағасы бойынша 20,0 млн дана компания акциялары орналастырылсын. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/PRKR/prkr_decision_sole_120522_11521.pdf [2022-05-25]