"Exploration Production АЛМЭКС" АҚ атқарушы органының құрамы өзгерді

23.05.22 11:07
/KASE, 23.05.22/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ (Атырау) Қазақстан қор биржасына Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 05 мамырдағы шешімімен атқарушы органның құрамынан Р. У. Ершибаев шығарылғаны туралы хабарлады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ атқарушы органы үш адамнан тұрады: Жамауов Ж., Темирова Д.А., Кадыров К.Б. Аталмыш ақпарат – https://kase.kz/files/emitters/EXPA/expa_board_changes_050522_19.pdf [2022-05-23]