23 мамырдан бастап "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа түзетулер қолданысқа енгізіледі

20.05.22 11:18
/KASE, 20.05.22/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2022 жылғы 19 мамырдағы шешімімен KASE ішкі құжатына "Қазақстан қор биржасы "АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар эмитенттеріне және қаржы құралдарына кодтар беру тәртібі туралы Нұсқаулық" (Нұсқаулық) № 9 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді. 2022 жылдың 08 маусымында қолданысқа енгізілетін Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының жергілікті атқарушы органдары үшін кодтарды белгілеуге қатысты нормаларды қоспағанда, түзетулер 2022 жылдың 23 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі. Түзетулермен "KASE Global" секторының ETF бағалы қағаздарына кодтарды беру тәртібі анықталды, сондай-ақ редакциялық және нақтылаушы түзетулер енгізілді. Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында таяу уақытта жарияланады. [2022-05-20]