25 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Amazon.com, Inc. US0231351067 (AMZN_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

20.05.22 10:00
/KASE, 20.05.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 25 мамырынан бастап Amazon.com, Inc. (АҚШ) US0231351067 ("KASE Global" секторы, AMZN_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 20 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 27 мамырында және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 25 мамырда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2022-05-20]