18 мамыр күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 мамырда болатын МЕОКАМ-48 52-ші шығарылымын (KZK200000687, MOM048_0052) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

18.05.22 16:40
/KASE, 18.05.22/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының сауда жүйесінде (KASE) есептесуі 20 мамырда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МЕОКАМ-48 мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің 52-ші шығарылымын (KZK200000687, MOM048_0052) орналастыру бойынша қайтадан мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент кесімдеу бағасын номиналдан 91,3110 % деңгейінде (кірістілік – жылдық 13,75 %) белгілеп, номиналды құны бойынша 310 885 000 теңге жалпы сомасына өтінімді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 4,1 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 294 837 202,7 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15:30-дан 16: 00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде аталған бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 20 мамырда болатын МЕОКАМ- 48 (KZKD00000899, MUM120_0017) 52-ші шығарылымын орналастыруы бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттықтар өтеді" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1482056/сілтемесі бойынша жарияланды. [2022-05-18]