19 мамырдан бастап Cameco Corporation CA13321L1085 (CCJ_KZ) жай акциялары Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізілетін болады

18.05.22 16:36
/KASE, 18.05.22/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2022 жылдың 19 мамырынан бастап Cameco Corporation (Канада) CA13321L1085 ("KASE Global" секторы, CCJ_KZ) Орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге жол берілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз ету мәмілелері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (т+ қамтамасыз ету тізімі) акцияларды енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамтамасыз ету тізімі KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған – https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf [2022-05-18]