02 маусымға тағайындалған "Қазақтелеком" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілді

18.05.22 11:17
/KASE, 18.05.22/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Нұр-Сұлтан) 2022 жылдың 02 маусымына тағайындалған акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін келесі мәселелермен толықтыру туралы хабарлады: - компанияның аудитін жүзеге асыратын 2022-2024 жылдарға арналған аудиторлық ұйымның "Эрнст энд Янг "ЖШС-ін және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындау туралы; - компанияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Осы ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_meeting_dop_020622.pdf Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған– https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_special_shareholders_meeting_info_020622_1672.pdf [2022-05-18]