20 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында Johnson & Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

11.05.22 16:37
/KASE, 11.05.22/– Қазақстан қор биржасы (KASE) 2022 жылдың 06 сәуірден бастап Johnson & Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларының KASE сауда-саттықтары уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Бұл ретте, 2022 жылдың 12 мамырынан бастап көрсетілген акциялардың KASE сауда-саттығы есеп айырысу күні 2022 жылдың 24 мамырында және одан кейінгі күндерге келетін сауда-саттық тәртіптемелерінде тоқтатыла тұрады. KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, сауда-саттық 2022 жылдың 24 мамырында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтерді төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады. [2022-05-11]